Делегация Казахстана посетила животноводческие хозяйства США в рамках рабочей поездки в Айдахо и Монтану

  • АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің бастамасымен 2026 жылғы 30 қазан мен 7 қараша аралығында қазақстандық делегацияның Америка Құрама Штаттарының Айдахо және Монтана штаттарына жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Делегация құрамына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның, салалық қауымдастықтардың және отандық мал шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері кірді. Сапарға «Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық палатасы» «QazaqSut» атынан Азамат Сагинбаев қатысты.

Сапардың негізгі мақсаты – АҚШ-тың мал шаруашылығын дамыту тәжірибесімен танысу, сүтті және етті бағыттағы ірі қара өсірудің заманауи технологияларын зерделеу, сондай-ақ екі елдің аграрлық секторы өкілдері арасындағы кәсіби және іскерлік байланыстарды нығайту.

АҚШ-тың мал шаруашылығы тәжірибесімен танысу

Жұмыс сапары аясында қазақстандық делегация бірқатар мал шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарға барып, олардың өндірістік қызметімен танысты.

Әсіресе малдың генетикалық әлеуетін арттыру, селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс, қолдан ұрықтандыру, табынды молайту және төл өсіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қатысушылар ірі сүт-тауарлы фермаларды басқару, өндірістік процестерді ұйымдастыру, мал өнімділігін арттыру және ресурстарды тиімді пайдалану тәжірибесін зерделеді.

Сүтті мал шаруашылығында жынысы бойынша сұрыпталған ұрықты және етті бағыттағы бұқалардың ұрығын пайдалану тәжірибесі де қызығушылық тудырды.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту

Сапар барысында АҚШ-тың салалық ұйымдары мен мал шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдерімен кездесулер өткізіліп, технологиялар алмасу, өзара тәжірибе бөлісу және сауда-экономикалық байланыстарды дамыту перспективалары талқыланды.

Кездесулерге АҚШ-тың мал экспорты қауымдастығының өкілдері мен америкалық фермерлік шаруашылықтардың басшылары қатысты.

Қазақстандық делегация үшін АҚШ-тың асыл тұқымды мал шаруашылығы, генетикалық бағалау, табынды молайту және ірі сүт фермаларын басқару саласындағы тәжірибесі ерекше маңызға ие.

Сапар барысында алынған тәжірибе мен орнатылған кәсіби байланыстар Қазақстан мен АҚШ арасындағы аграрлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға негіз бола алады.

«QazaqSut» палатасының осындай халықаралық іс-шараларға қатысуы Қазақстандағы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, озық селекциялық технологияларды енгізуге және халықаралық салалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

  • По инициативе Посольства США в Республике Казахстан с 30 октября по 7 ноября 2026 года состоялась рабочая поездка казахстанской делегации в американские штаты Айдахо и Монтана.

В состав делегации вошли представители Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, АО «Аграрная кредитная корпорация», отраслевых ассоциаций и отечественных животноводческих предприятий. Республиканскую палату молочных и комбинированных пород КРС «QazaqSut» представил Азамат Сагинбаев.

Основной целью визита стало ознакомление с американским опытом развития животноводства, изучение современных технологий молочного и мясного скотоводства, а также развитие профессиональных и деловых контактов между представителями аграрного сектора двух стран.

Изучение американского опыта животноводства

В ходе рабочей поездки казахстанская делегация посетила профильные животноводческие предприятия и ознакомилась с организацией работы американских фермерских хозяйств.

Особое внимание было уделено вопросам генетического совершенствования поголовья, селекционно-племенной работы, искусственного осеменения, воспроизводства стада и выращивания молодняка.

Участники также изучили подходы к управлению крупными молочными комплексами, организации производственных процессов, повышению продуктивности животных и эффективному использованию ресурсов.

Отдельным направлением стало знакомство с практикой применения современных генетических технологий, включая использование сексированного семени и семени быков мясных пород в молочном скотоводстве.

Международное сотрудничество и обмен опытом

Важной частью визита стали встречи с представителями американских отраслевых организаций и животноводческого бизнеса, обсуждение перспектив сотрудничества, обмена технологиями и развития торгово-экономических связей.

В поездке также приняли участие представители Ассоциации экспортеров домашнего скота США и американских животноводческих хозяйств.

Для казахстанской стороны особый интерес представляет практический опыт США в области племенного животноводства, генетической оценки, воспроизводства и управления крупными молочными стадами.

Полученные знания и установленные профессиональные контакты могут стать основой для дальнейшего взаимодействия между казахстанскими и американскими организациями.

Участие Палаты QazaqSut в международных мероприятиях подобного формата направлено на развитие племенного животноводства Казахстана, внедрение передовых селекционных технологий и укрепление международного отраслевого сотрудничества.