Правительство одобрило Комплексный план развития животноводства на 2026–2030 годы

2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар Үкіметте мақұлданды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңесте қаралып, мақұлданды.

Құжат мал шаруашылығы саласын жүйелі дамытуға, мал басын ұлғайтуға, өнімділікті арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік қолдау тетіктерін қамтиды.

Кешенді жоспарда негізгі назар жеңілдетілген қаржыландыру құралдарын енгізуге аударылған. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, жем-шөп дайындау техникасы мен жабдықтарын алуға арналған жеңілдетілген несиелеу көзделген. Сонымен қатар шалғай жайылымдық мал шаруашылығын дамытуға бағытталған шаралар қарастырылған.

Бұдан бөлек, құжатта кадрлық қамтамасыз ету, мал шаруашылығы саласындағы мамандарға арналған әлеуметтік қолдау шаралары, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту және мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің цифрлық есебін жетілдіру мәселелері қамтылған.

Кешенді жоспарды іске асыру ішкі нарықты отандық өніммен жүйелі түрде қамтамасыз етуге, өнім сапасын арттыруға және өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Толығырақ — Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайтында.


Правительство одобрило Комплексный план развития животноводства на 2026–2030 годы

Разработанный по поручению Главы государства Комплексный план развития животноводства на 2026–2030 годы был рассмотрен и одобрен на совещании под председательством Премьер-министра.

Документ предусматривает системные меры государственной поддержки, направленные на развитие отрасли, увеличение поголовья сельскохозяйственных животных, рост продуктивности и расширение экспортного потенциала.

В Комплексном плане ключевой акцент сделан на внедрение инструментов льготного финансирования, включая кредитование на приобретение племенного поголовья, пополнение оборотных средств, закуп кормозаготовительной техники и оборудования. Также предусмотрены меры по развитию отгонного животноводства.

Отдельное внимание уделено вопросам кадрового обеспечения, социальной поддержки специалистов отрасли, усилению ветеринарной безопасности и совершенствованию цифрового учета животных и продукции животноводства.

Реализация Комплексного плана позволит обеспечить стабильное насыщение внутреннего рынка отечественной продукцией, повысить эффективность производства и создать условия для дальнейшего роста животноводческого сектора.

Подробнее — на официальном сайте Правительства Республики Казахстан.