Батыс Қазақстан облысында асыл тұқымды мал басын жаңарту және сүтті мал шаруашылығын дамыту жұмыстары жалғасуда.
Бәйтерек ауданындағы «Арыстанов» шаруа қожалығы Даниядан қызыл дат тұқымының 148 бас құнажындарын сатып алды. Мал әуе көлігімен жеткізілді. Шаруашылық Қазақстанда «Игілік» бағдарламасы аясында шетелден асыл тұқымды мал сатып алған алғашқы шаруашылық болды.
Бір құнажынның жеткізуді қоса алғандағы құны шамамен 2 млн теңгені құрайды. Мал сатып алуға жеңілдетілген қаржыландыру мүмкіндік берген. БҚО-да «Игілік» және «Береке» бағдарламалары аясында 22 ауыл шаруашылығы құрылымы шамамен 15 мың бас мал сатып алуды жоспарлап отыр. Несие 7 жылға дейін, жылдық мөлшерлемесі 6%-дан аспайтын шарттармен беріледі.
«Арыстанов» шаруашылығы сүт бағытындағы жобасын 2024 жылдан бері дамытып келеді. Мұнда асыл тұқымды голштин малы ұсталып, өз жем-шөп базасы қалыптасқан және 400 басқа арналған сүт фермасы жұмыс істейді. Даниядан жеткізілген жаңа мал партиясы табынды жаңартуға және сүт өндірісін арттыруға бағытталған.
В Западно-Казахстанской области продолжается обновление племенного поголовья и развитие молочного животноводства.
КХ «Арыстанов» из района Бәйтерек приобрело 148 телок красной датской породы, доставленных из Дании воздушным транспортом. Хозяйство стало первым в Казахстане, которое приобрело зарубежный племенной скот в рамках программы «Игілік».
Стоимость одной телки с учетом доставки составляет около 2 млн тенге. При этом приобрести поголовье позволило льготное финансирование. В Западно-Казахстанской области 22 сельхозформирования планируют приобрести около 15 тыс. голов скота в рамках программ «Игілік» и «Береке». Кредитование предоставляется сроком до 7 лет по ставке не более 6% годовых.
КХ «Арыстанов» развивает молочное направление с 2024 года. На предприятии уже содержится племенной голштинский скот, развивается собственное кормопроизводство и работает молочная ферма, рассчитанная на 400 голов.
Новая партия датских телок станет очередным этапом обновления стада и расширения производства молока.